Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңіліп қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Отандасымыз жұбаныш белдесуіне қатысуы мүмкін

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Еркін күрестен қазақстандық Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

97 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз әлем және Азия чемпионы, бахрейндік Ахмед Тажудиновке есе жіберді. Есеп: 2:14.

Әлішердің Олимпиадада күресу мүмкіндігі әлі сақталуда. Егер Тажудинов финалға шықса, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысады.