Ол египеттік палуан Мұстафа Елдерсті 6:2 есебімен жеңді
Париж Олимпиадасында еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі белдесулер басталды. Бұл салмақта Қазақстан намысын Әлішер Ерғали қорғап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз алғашқы айналымда египеттік палуан Мұстафа Елдерсті 6:2 есебімен жеңді.
Осылайша, Әлішер Ерғали Олимпиаданың ширек финалына өтті.