Қазақстаннан барған ең жас спортшы әлем чемпионынан жеңіліп қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Батырхан Төлеуғали 18 жаста

Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасындағы ең жас спортшы, таеквондошы Батырхан Төлеуғали 1/8 айналымда әлем чемпионынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Яғни, Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады.

«Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырхан  1/8  айналымда екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездескен болатын.Тартысты жекпе-жекте Италия спортшысы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Батырхан Төлеуғали Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас атлет. 18 жастағы спортшының бұл тұңғыш Олимпиадасы», - деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитеті.