Париж-2024: Азамат Дәулетбеков америкалық балуаннан 1 ұпайға жеңілді

Автор: Молдатай Сымбат

Есеп - 3:4

Фото: ҰОК

Еркін күрестен Қазақстан командасының үздігі Азамат Дәулетбеков Париж Олимпиадасының бірінші айналымында ұтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тәжірибелі балуан америкалық Аарон Брукске есе жіберді. Есеп - 3:4. Аарон Брукс АҚШ біріншілігінде әйгілі Дэвид Тейлорды жеңген болатын.

Енді Дәулетбеков Брукстың финалға шығуын күтеді. Егер ол ақтық сынға сүрінбей жетсе, Дәулетбековте жұбаныш белдесуіне мүмкіндік пайда болады.