Париж-2024: ескек есуден Бекарыс Раматулла ширек финалға өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол өз тобында мәреге алтыншы болып келді

Фото: ҰОК

Париждегі Олимпиада ойындарында байдаркада есуден ерлер арасындағы іріктеу турнирі (1000 метр) өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық спортшы Бекарыс Раматулла өз тобында мәреге алтыншы болып келді. Енді ол турнирдің ширек финалында сынға түседі.

Ал алғашқы екі орынға ие болған спортшылар тікелей жартылай финалға жолдама алады.