«12 жыл тұлпар да шаппайды»: талай чемпионға бапкер болған Тұрсынғали Еділов Париж олимпиадасына барған боксшылар жайлы

Аягөз Құрмаш

Ол қазір өзі ашқан спорт залда балаларды жаттықтырады

«12 жыл тұлпар да шаппайды»: талай чемпионға бапкер болған Тұрсынғали Еділов Париж олимпиадасына барған боксшылар жайлы
Фото: видеодан скриншот

Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Тұрсынғали Еділов «Уақыт көрсетеді» подкастына берген сұхбатында қазір немен айналысатынын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еділов осыған дейін БАҚ-та өзінің еден жуып, жатақханада тұратыны жайлы сұхбаттар тарағынан айтты.

«Еден жуатыным рас, бірақ ол өзімнің жертөлемдегі жаттықтыру залы, оның барлығы өзім үшін. Кешке балалар жаттығуға келеді. Олар келгенде таза тұруы тиіс. Кейде балалар да келіп көмектеседі. Онда тұрған ештеңе жоқ. Олимпиададағы әрекеттің барлығына қазір мен жауап бермеймін. Спортшылар арасында жақсы іріктеу болуы керек. Асланбек Шымбергенов қанша олимпиадалық цикл жүр. 20 жыл спортта, 12 жыл ұлттық құраманың мүшесі. Былай қарасаң, ат та 12 жыл шаппайды. Бұл жерде бас бапкердің білімі керек», - дейді Еділов.

Жаттықтырушының айтуынша, 8 соттық үйінің жертөлесінде спорт залын ашқан.

«Қазір мен 370 мың теңге олимпиадалық шәкіртақы аламын. Бірақ ол жетпейді. Екі балам бар. Олардың мектебіне айына 100 мыңнан төлеймін. Жаттығуға келген әр баладан 10 мың аламын. Бірақ бермесе де «кет» демеймін. Жағдайы жоқ балалар да келеді. Ертең оның жолы ашылып кетуі де мүмкін ғой. Париж олимпиадасына шақырмады. Бірақ мен бапкер ретінде қатысқым келмеді. Ондай додаға шәкіртің болса жақсы. Ал былай барудың мағынасы жоқ. Қай жарысқа барсаң да, қандай болсын шәкіртпен барған абырой», - дейді ол.

Еске салсақ, Тұрсынғали Еділов 1997-2001 жылдар аралығында еліміздің ұлттық құрамасының тізгінін ұстады. Сидней Олимпиадасында мерейімізді үстем еткен Ермахан Ыбырайымов, Мұхтархан Ділдәбеков, Бекзат Саттарханов, Болат Жұмаділов секілді есімдердің жарқырай көрінуіне осы бапкердің еңбегі зор болды.

Париж олимпиадасында боксшы Асланбек Шымбергенов бірінші айналымда жеңіліп қалған еді. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.