Париж-2024: грек-рим күресінен Демеу Жадыраев ширек финалға өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандық балуан 77 келі салмақта белдесті

Фото: ҰОК

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандық балуан 77 келі салмақта белдесіп, бірінші айналымда колумбиялық Алексис Муньестен басым түсті. Есеп - 9:0.

Енді Жадыраев Олимпиаданың ширек финалында айқасады.