Ол комиссиясы төрайымымен кездесті
Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин ХОК Olympism365 комиссиясының төрайымы Аувита Рапилла және Olympism365 бойынша ХОК директоры Олли Дадфилдпен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Аувита Рапилла комиссияның ең басты міндеті - тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі маңызды фактор ретінде спорттың рөлін күшейту деді. Сонымен қатар, төрайым Геннадий Головкинді Olympism 365 комиссиясының мүшесі ретінде тағайындалуымен құттықтап, оған Қазақстан ҰОК президенті қызметінде сәттілік тіледі», - деп хабарлады комитет.
Геннадий Головкин қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізді.
Айта кетерлігі, аталған комиссия құрамындағы Геннадий Головкиннің алғашқы ресми отырысы биыл қарашада Лозаннада (Швейцария) өтеді.