Даниал Ахметов Нора Джерутоға қолдау көрсету үшін Парижге барған

Azattyq Rýhy

Ол өзі басқарып отырған федерацияның жеңіл атлеттерімен кездескен

Даниал Ахметов Нора Джерутоға қолдау көрсету үшін Парижге барған
Фото: instagram.com/qazathletics/

Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі Даниал Ахметов Парижге барып, жеңіл атлеттермен кездескен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Айта кетейік, күні кеше Даниал Ахметовтің Париждегі спортшылармен бірге тұрған суреті желіге тарап кеткен еді. Анықталғандай, ол өзі басқарып отырған жеңіл атлетика федерациясының құрамымен кездескен екен.

«Федерация президенті Даниал Ахметов спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсету мақсатында жеңіл атлетика командасымен кездесті. Президент команданың әрбір мүшесінің маңыздылығын атап өтіп, Федерация алдағы уақытта да дайындық пен өнер көрсету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін атап өтті», - деп жазған жеңіл атлетика федерациясының ресми аккаунттары.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысын 9 жыл басқарған Даниал Ахметов 2018 жылдан бері жеңід атлетика федерациясының президенті болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, жеңіл атлетикадағы легионер Нора Джеруто Париж Олимпиадасының финалына шыққан.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.