Головкин ХОК Olympism365 комиссиясының мүшесі болып тағайындалды

Azattyq Rýhy

Ол комиссиясы төрайымымен кездесті

Головкин ХОК Olympism365 комиссиясының мүшесі болып тағайындалды
Фото: ҰОК

Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин ХОК Olympism365 комиссиясының төрайымы Аувита Рапилла және Olympism365 бойынша ХОК директоры Олли Дадфилдпен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Аувита Рапилла комиссияның ең басты міндеті -  тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі маңызды фактор ретінде спорттың рөлін күшейту деді. Сонымен қатар, төрайым Геннадий Головкинді Olympism 365 комиссиясының мүшесі ретінде тағайындалуымен құттықтап, оған Қазақстан ҰОК президенті қызметінде сәттілік тіледі», - деп хабарлады комитет.

Геннадий Головкин қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізді.

Айта кетерлігі, аталған комиссия құрамындағы Геннадий Головкиннің алғашқы ресми отырысы биыл қарашада Лозаннада (Швейцария) өтеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.