Спорршы жетіспеуіне байланысты Бельгия триатлон командасы аралас эстафетадан бас тартты
Бельгиялық триатлоншы Сенада жүзгеннен кейін ішек инфекциясымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Клэр Мишель жүзу жарысында 38-ші орынға ие болды.
Nieuwsblad газетінің хабарлауынша, спортшы ауруханаға төрт тәулік бұрын түскен. Ол оңала алмағандықтан, Бельгия триатлон командасы аралас эстафетадан бас тартуға мәжбүр болып отыр.
Айта кетерлігі, Сенаны тазалау жұмыстарына Париж билігі 1,4 миллиард еуро жұмсады. Алайда, өзенде шомылуға жүз жыл бойы тыйым салынып келген.