Нұрбек Оралбай Олимпиаданың финалына шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол доминикандық боксшымен жартылай финалда жұдырықтасты

 

Фото: Владислав Семенов, ҰОК

Париж Олимпиадасында боксшы Нұрбек Оралбай жартылай финалда шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек жартылай финалда доминикандық Кристиан Пиналесті жеңді.

Жартылай финалда отандасымыз 3:2 есебімен қарсыласынан басым түсті.

Нұрбек Оралбай өзінің тұңғыш Олимпиадасында алтын медальға таласады.