Ол жұбаныш айналымында сынға түседі
Париж Олимпиадасында 200 метрге жүгіруден іріктеу сыны өтіп жатыр. Бұл бәсекеде қазақстандық Ольга Сафронова жарыс жолына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз өз тобында мәреге жетінші болып келді. Оның уақыт көрсеткіші - 23.58 секунд.
Жартылай финалға әр топта бірінші орын алған спортшылар өтті. Ольга Сафронованың әлі де мүмкіндігі бар. Ол жұбаныш айналымында сынға түседі.