Қазақстандық гимнаст финалда өз жаттығуы үшін 14.500 ұпай жинады
Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Милад Карими еркін жаттығу бойынша Париж Олимпиадасының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық гимнаст өз жаттығуы үшін 14.500 ұпай жинады.
Бұл жаттығуда филиппиндік Карлос Юло (15.000) чемпион атанса, күміс медальді Израиль өкілі Артем Долгопят (14.966). қоланы Ұлыбритания спортшысы Джэк Джармэйн (14.933) еншіледі.
Айта кетелік, Милад Карими осымен Олимпиада ойындарын аяқтады.