Қазақстан командалық жарыста Бразилиядан ұтылып қалды
Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Абиба Әбужақынова командалық жарыста Бразилия құрамасынан жеңілгеннен кейін пікір білдірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Дзюдодан командалық жекпе-жекте отандастарымыз Бразилия құрамасынан 2:4 есебімен жеңіліп қалды.
«Біз командалық жарысқа алғаш рет лицензия алып тұрмыз. Оның өзінде, толық құраммен алмадық. Сондықтан, көпшілігіміз жоғары салмақта белдестік.
Соған қарамастан, жақсы нәтиже тіркеп, ерлік көрсеттік деп ойлаймын. Жүлдеге жақындай алмағанымыз өкінішті, десе де, біз алдағы ойындарға толық құраммен келеміз деген сенімдемін.
Жанкүйерлерді қуанта алмағанымыз үшін кешірім сұраймын», - деді Абиба.