«Қазақ елінің намысын абыроймен қорғай алмадым»: Сәкен Бибосынов жекпе-жегі туралы айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Сәкен Бибосынов ширек финалда өзбекстандық Хасанбай Досматовтан жеңіліп қалды

Фото: Olympic.kz/Тұрар Қазанғапов

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасындағы жеңілістен соң сұхбат берді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Өкінішке қарай, басты қарсыласымнан жеңіліп қалдым. Осы ойындарға алтын үшін келіп едім. Бірақ қола жүлде де бұйырмады.

Шаршы алаңда барымды салдым. Бірақ төреші қолымды көтерген жоқ. Төрешілікке қатысты ештеңе айта алмаймын. Мен тек ринг ішіндегі жекпе-жекке жауап беремін.

Қазақ елінің намысын абыроймен қорғай алмадым. Қателіктер кетті. Енді осы кемшіліктермен жұмыс істейміз», - дейді Бибосынов.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасының ширек финалында өзбекстандық Хасанбай Досматовтан жеңіліп қалды.