Нұрлыхан Шархан өзбек дзюдошысына есе жіберді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұның алдында ол Бельгия спортшысын жеңген болатын

Фото: ҰОК

Парижде Қазақстанның намысын қорғаған дзюдошы Нұрлыхан Шархан өзбек спортшысы Мұзафарбек Тұробаевтан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлағандай, осымен оның ¼ финалдан үміті үзілді.

Бірнеше сағаттан кейін Назым Қызайбай мен Каролин Барбосаның жекпе-жегі басталады.