Париж-2024: бүгін боксшыларымыз сынға түседі

Автор: Azattyq Rýhy

Жекпе-жек Астана уақытымен 19:18 және 23:00-де басталады

Фото: olympic.kz

Париж Олимпиадасында бүгін боксшыларымыз Нұрбек Оралбай (80 келі) мен Сәкен Бибосынов (51 келі) сынға түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл – екі боксшымыз үшін де Париж шаршы алаңындағы алғашқы жекпе-жектері.

Нұрбек Оралбай австралиялық Каллум Петерспен сынға түседі. Жекпе-жек сағат 19:18-де көрсетіледі.

Ал Сәкен Бибосынов Түркия былғары қолғап шебері Самет Гумушпен жұдырықтасады. Жекпе-жек сағат 23:00-де басталады.