Париж-2024: бразилиялық серфингшінің ауада қалықтаған сәті (ФОТО)

Автор: Azattyq Rýhy

Объектив назарында – спортшылар

Фото: Jerome Brouillet/Getty Images

Париж Олимпиада ойындарында түсірілген ерекше фотоның бірі әлемдік БАҚ назарын аударды. Суретте бразилиялық серфингшінің ауада қалықтаған сәті бейнеленіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл фотоның авторы – француз фотографы Жером Брюйе.

Айта кетерлігі, Брюйе қазір Парижде емес, серфинг жарыстары өтіп жатқан Таитиде.

Фотограф бразилиялық серфингші Габриэль Мединаның оң қолының сұқ саусағын аспанға көтеріп, ауада қалықтаған сәтін түсіріп үлгерген. Бұл – серфингшінің үлкен толқын лақтырғаннан кейінгі бір сәті.

Нәтижесінде Габриэль Медина 9,9 ұпай жинап, жаңа Олимпиада рекордын орнатты. Серфингтен үш дүркін әлем чемпионы Олимпиадаға екінші рет қатысады.