Париж-2024: Қазақстандық теннисшілер жарыстан шығып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Александр Бублик пен Александр Недовесов жеңіліп қалды 

Фото: olympic.kz, Владислав Семенов

Қазақстандық теннисшілер олимпиадалық медальдер үшін күрестен шығып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Париж кортында жарысқа түскен Александр Бублик пен Александр Недовесов жеңіліп қалды. Олар жұптық сайыстың бірінші айналымында Бразилиядан келген Тьяго Монтейро/Тьяго Сейбот Уайлд жұбына есе жіберді.

Матч екі сетке созылды. Бразилиялықтар 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Елена Рыбакина Париж Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартты.

Сонымен қатар Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева да Париж Олимпиадасына қатыспайтын болды.