29.07.2024, 13:11
Спорт
Париж-2024: Владислав Яковлев мәреге бірінші болып жетті
Тек үш спортшы жұбаныш жарысына өтті
Фото: Olympic.kz
Академиялық ескек есуден ерлер арасындағы жартылай финалда спортшымыз Владислав Яковлев мәреге бірінші болып жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның атынан академиялық есу бойынша олимпиадалық жарыстағы жалғыз өкіл финалға өтті. Алайда, ол Олимпиада медальдарына үміткер бола алмайды.
2000 метрге жүзу кезінде ол мәре сызығын 7:26.20-да кесіп өтті, екінші болып Тунис өкілі Тайеб Мұхамед, үшінші индонезиялық Мемо келді.
Айта кетерлігі, тек үш спортшы жұбаныш жарысына өтті.
Академиялық ескек есуден ерлер арасындағы жартылай финал Астана уақытымен 12:30-да өтті.
Еске салайық, бүгін семсерлесуден әйелдер арасындағы жекелей сында Әйгерім Сарыбай алғашқы айналымда жеңіске жетті.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды