Жекелей жарыста ол жүлдеге иелене алмады
Қазақстандық Александра Ле нысана көздеуден Париж Олимпиадасының финалында өз ойынын аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Финалға шыққан Александра Ле жекелей жарысты 6 орынмен ойынды аяқтады. Олимпиада жүлдесіне таласуда 5 спортшы қалды. Бас жүлдеге Қытай, Оңстүтік Корея, Швейцария және АҚШ таласып жатыр.
Осыған дейін Париж Олимпиадасында алғашқы медаль сыйлаған осы нысанадан ату бойынша Қазақстан құрамасы болды. Александра Ле мен Ислам Сәтпаев аралас командалық жарыста үшінші орын алып, қола жүлдеге қол жеткізген.