Семсерлесуден Руслан Құрбанов Олимпиаданың 1/8 финалына шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Олимпиаданың алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Фото: Olympic.kz, Владислав Семенов

Семсерлесуден отандасымыз Руслан Құрбанов Олимпиада ойындарының алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жекелей сынды Құрбанов 1/16 айналымнан бастады. Ол алғашқы қарсыласы Хуссам Элькордты 15:13 есебімен ұтты.

Отандасымыз енді Олимпиада чемпионы Ромен Каннонмен (Франция) күш сынасады.

Айта кетелік, Олимпиаданың 1/16 айналымында Эльмир Алимжанов та сынға түседі.

Ал Вадим Шарлаимов жарысты аяқтады.