«Ел үмітін ақтауға тырысамын»: боксшы Оралбай қарсыластары туралы айтты

Azattyq Rýhy

Ол 1/8 финалда нигериялық Олайтан Адам Олаоремен жұдырықтасты

«Ел үмітін ақтауға тырысамын»: боксшы Оралбай қарсыластары туралы айтты
Фото: Olympic.kz

Боксшы Айбек Оралбай Париж Олимпиадасындағы алғашқы жеңісінен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Боксшының пікірі Qazaqstan ұлттық арнасының Telegram парақшасында жарияланды.

«Олимпиада ойындарына әлемнің үздік 16 боксшысы келеді. Әр қарсыласқа жеке әдіс-тәсіл қолданып, дайындаламыз. Бұл жерде осал қарсылас та жоқ. Бірінші жекпе-жек ойдағыдай өтті. Рингты, қарсыласты, залды сезініп, үш раунд жақсы жұмыс істедім. Ел үмітін ақтауға тырысамын. Баршаңызға қолдауларыңызға рахмет», - деді боксшы Айбек Оралбай.

Айта кетейік, 1/8 финалдық кезеңінде отандасымыз нигериялық Олайтан Адам Олаоремен жұдырықтасты. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша Айбек Оралбай төрешілердің бірыңғай шешімімен (30:26, 30:26, 30:26) жеңіске жеткен болатын. Осылайша, боксшымыз ширек финалға жолдама алды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.