Ол «ваззари» ұпайымен басым түсті
Дзюдодан отандасымыз Елдос Сметов Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол ширек финалдық белдесуде әлемдік рейтингте бірінші тұрған қытайлық Тайпей өкілі Ванг Вейден «ваззари» ұпайымен басым түсті.
Отандасымыз осылайша, 60 келі салмақта Олимпиаданың жартылай финалына шыққан алғашқы спортшы атанды.
Осыған дейін ол Нидерланд және Украина спортшыларынан басым түскен болатын.