Кіші финалда олар Германия құрамасынан басым түсті
Нысана көздеуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ислам Сәтпаев пен Александра Ле 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында қола медальға қол жеткізді.
Отандастарымыз бұл сында Германия құрамасын тізе бүктірді. Есеп – 17:5.
Осылайша, араға ұзақ үзіліс салып мергендер Олимпиада медалін еншіледі.
Айта кетелік, нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері - Ольга Довгун.