Қазақстан атынан 80 спортшы қатысады
Қазақстан құрамасы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына аттанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шығарып салу Алматы облысындағы олимпиадалық даярлаудың республикалық базасында өтті.
Қазақстан атынан спорттың 25 түрі бойынша 80 спортшы қатысады.
«Тәуелсіздік жылдарында еліміз жазғы және қысқы Олимпиада ойындарының 79 жүлдегерін, оның ішінде 15 Олимпиада чемпионын тәрбиеледі. Олимпиадалық жетістіктер – бұл бүкіл елдің әлемдегі имиджі, мемлекеттің әл-ауқатының көрсеткіші, көп жылдық еңбектің нәтижесі!» - деді Спорт министрі Ермек Маржықпаев.