«21 спортшы екінші Олимпиадасына аттанады»: Қазақстан құрамасы жайлы қызықты деректер

Автор: Azattyq Rýhy

54 атлет жазғы ойындарға тұңғыш рет қатысқалы отыр

Фото: Olympic.kz

Қазақстан ҰОК Олимпиадаға іріктеу кезеңін қорытындылап, қызықты деректерді жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Париж Олимпиадасында жалпы есебі 80 атлет 19  спорт түрінен сынға түседі. 

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құрамда барады

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы тұңғыш рет жазғы ойындарға үш спортшыны апарады

Брейкинг пен бадминтоннан Қазақстан тұңғыш рет Олимпиада жолдамасын иеленді. Брейкингтен Амир Закиров, бадминтоннан Дмитрий Панарин ел намысын қорғайды. 

Әйелдер күресінен Қазақстан командасы тарихта тұңғыш рет Олимпиададан сырт қалды. 

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы тарихта тұңғыш рет командалық жарыста бақ сынайды. 

Қазақстан тұңғыш рет гимнастиканың үш түрінен (батуттық, спорттық және көркем) жазғы Олимпиадада сынға түседі.

Нысана көздеуден Қазақстан командасы тұңғыш рет алты спортшыны Олимпиадаға апарады. 

Париж Олимпиадасына қатысатын 80 қазақстандық спортшының ішінде 54 атлет жазғы ойындарға тұңғыш рет қатысқалы отыр. 

Қазақстан олимпиадалық құрамасының сапында жазғы ойындарға төртінші рет қатысатын екі спортшы бар. Олар – жеңіл атлет Ольга Сафронова мен академиялық есу шебері Владислав Яковлев.

Елдос Сметов (дзюдо), Кирилл Герасименко (үстел теннисі) және Елена Потапенко (қазіргі бессайыс) Олимпиада ойындарына үшінші рет қатыспақ.

21 спортшы өз карьерасында екінші Олимпиадаға аттанады.