Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында ауруханаға түсіп қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл жекпе жекте отандасымыз екі титулды сарапқа салуы тиіс еді

Фото: sports.kz

Talksport.com-ның журналисі, инсайдер Майкл Бенсон қазақстандық боксшы, WBO/IBF орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының жаңа зеландиялық үміткер Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жегінің өтпейтінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.

 «Жәнібек Әлімханұлының Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жегі ертең кешке болмайды, өйткені Жәнібек бейсенбі күні кешке салмақ түсіру кезінде қатты сусыздану салдарынан есінен танып, ауруханаға жатқызылды», - деп жазды Бенсон Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Әлімханұлы мен Михайловичтің екі әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегі 13 шілдеге қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ) өтуі керек еді.