Қазақстан шағын футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Отандастарымыз 1/8 финалда Словения құрамасына қарсы ойнады

Фото: sports.kz

Қазақстан ұлттық құрамасы Босния мен Герцеговинада өтіп жатқан Еуропа чемпионатының 1/8 финалында өнер көрсетті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық спортшылар ширек финалға шығу үшін Словения құрамасына қарсы ойнады. Ойын барысында Диас Егінжановтың орындауында небәрі 1 ғана гол салынып, команданы жеңіске жеткізді.

Осыған дейін қазақстандықтар B тобында Украина, Греция мен Англияны жеңіп, көш бастаған еді.

Айта кетейік, ширек финалда Қазақстан құрамасы Әзербайжан, Босния мен Герцеговина жұбының жеңімпазымен ойнайды.