Боксшы Валентина Хальзова Олимпиадаға жолдама алды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол колумбиялық Ширеледейз Орозокодан басым түсті

Фото: Olympic.kz

Бокстан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Валентина Хальзова Олимпиадаға іріктеуден өтті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

75 келіде сынға түскен Хальзова колумбиялық Ширеледейз Орозокодан басым түсті.

Турнир барысында қазақстандық боксшы Украина, Моңғолия боксшыларын жеңді.