Қазақстандық балуан Еуропа чемпионын жеңіп, ширек финалға шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Еуропа чемпионын мерзімінен бұрын жеңді

Фото: Olympic.kz

Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінде Дін-Мұхаммед Қошқар ширек финалға жолдама алды. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Грек-рим күресінен 67 келі салмақта бақ сынап жатқан Қошқар 1/8 айналымда Еуропа чемпионы, румыниялық Михай Михуцты мерзімінен бұрын жеңді.

Осылайша, қазақстандық балуан турнирдің ширек финалына өтті.

Айта кетелік, Ыстанбұлдағы соңғы іріктеу турнирінде әр салмақта алғашқы үш орынға ие болған балуандарға жолдама беріледі.