Тоқаев Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Рыбакина биылғы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті

Фото: ktf.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram парақшасында Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

– Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл – үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін! – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.