Зайнутдинов «Бешикташ» сапынан кетуі мүмкін бе?

Автор: Azattyq Rýhy

Ол «Бешикташ» сапында 35 матч ойнап, бір гол соқты

Фото: championat.com

Түркияның Milliyet басылымы биылғы маусымның соңында «Бешикташ» ойыншыларының қайсысы міндетті түрде клубта қалатынын айтып берді. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Колли, Жедсон, Масуаку, Рашица, Аль-Мусрати, Мучи, Окслейд-Чемберлен және Амир, олардың келісімшарттары «Бешикташпен» келесі маусымға жарамды, сондай-ақ жергілікті ойыншы ретінде өнер көрсететін Бактиер командада қалады», - деп жазады басылым.

Бір қызығы, бұған дейін басқа түрік БАҚ-тарында жаңа маусымнан бастап Бактиер Зайнутдинов Түркия чемпионатында шетелдік ойыншы болып саналады деген ақпарат тараған болатын. Биылғы маусымда Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы «Бешикташ» сапында 35 матч ойнап, бір гол соқты.