$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.04.2024, 14:19
Спорт

Азия чемпионаты: қазақстандық палуандар жалпыкомандалық есепте 4-орынға ие болды

Отандастарымыз 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды

Азия чемпионаты: қазақстандық палуандар жалпыкомандалық есепте 4-орынға ие болды
Фото: Olympic.kz

Қырғызстанда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионында қазақстандық еркін күрес шеберлері бәсекені жалпыкомандалық есепте 4-орынмен аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ел қоржынына Азамат Дәулетбеков (86 келі) алтын медаль салса, Асыл Айтақын (61 келі) мен Ризабек Айтмұхан (97 келі) күміс жүлдегер атанды. Ал қола медальға Мейрамбек Қартбай (57 келі) ие болды.

Осылайша отандастарымыз 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен жалпы есепте 4-орынға тұрақтады.

Жалпы командалық есеп:

1-орын: Иран (190 ұпай - 5 алтын, 0 күміс, 3 қола);

2-орын: Жапония (130 ұпай - 2 алтын, 1 күміс, 2 қола);

3-орын: Қырғызстан (121 ұпай - 1 алтын, 1 күміс, 2 қола);

4-орын: Қазақстан (118 ұпай - 1 алтын, 2 күміс, 1 қола);

5-орын: Моңғолия (92 ұпай - 0 алтын, 2 күміс, 2 қола).

Айта кетейік, еркін күрестен Қазақстан құрамасының үздігі Азамат Дәулетбеков қатарынан үш дүркін Азия чемпионы атанғаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары