Әлемдік рейтинг: қазақстандық боксшылардың тізімі жаңарды

Автор: Azattyq Rýhy

Жаңа тізімде көш басын Жәнібек Әлімханұлы бастап тұр

Фото: istockphoto.com

Әлемдік Boxrec.com сайты үздік қазақстандық он спортшының тізімін жаңартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін бұл рейтингіде Мейірім Нұрсұлтанов көш бастап тұрған болса, жаңартылған тізімде WBO, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) қазақ боксшыларының көшін бастады.

BoxRec рейтингісі бойынша топ-10 қазақстандық боксшы:

1. Жәнібек Әлімханұлы

2. Мейірім Нұрсұлтанов

3. Батыр Жүкембаев

4. Жанқош Тұраров

5. Сергей Липинец

6. Сұлтан Заурбек

7. Бекман Сойлыбаев

8. Бек Нұрмағанбет

9. Әбілхан Аманқұл

10. Жан Кособуцкий.