Дәурен Елеусінов техникалық нокаутпен жеңілді

Автор: Azattyq Rýhy

Жекпе-жек он раундқа созылды және WBC Continental Americas титулы сарапқа салынды

Фото: instagram.com/kingcallumwalsh

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (11-3-1, 10 КО) Нью-Йоркте (АҚШ) өткен бокс кешінде шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Онда ол басты жекпе-жекте «Патша» лақап атымен жеңілмеген ирландиялық Каллум Уолшпен (9-0, 7 КО) жұдырықтасты. Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа созылды және WBC Continental Americas титулы сарапқа салынды. Жекпе-жекте Каллум Уолш оныншы раундта отандасымызды техникалық нокаутпен жеңісді.

Осылайша, Каллум Уолш кәсіби карьерасында оныншы жеңісіне жетті, ал Дәурен Елеусінов төртінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, бұл қазақстандықтың қатарынан екінші жеңілісі: қазан айында ол танзаниялық боксшы Пиус Мпендеден (9-3, 4 КО) төрешілер шешімімен сенсациялық түрде жеңіліп қалды.