Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Ресейге кететінін мәлімдеді

Автор: Аманалина Тоғжан

Магомед Адиев Қазақстан құрамасын 2022 жылдың сәуір айынан бастап басқарады

Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ресейге кетуі мүмкін. Бұл туралы Azattyq Ruhy Sport24-ке сілтеме жасап хабарлайды.

46 жастағы бапкер Қазақстан құрамасын 2022 жылдың сәуір айынан бастап басқарады. Ол бұрын «Ахматта», «Анжиде» және басқа да ресейлік клубтарда жұмыс істеген.

21 наурызда Қазақстан құрамасы Еуро-2024-ке қатысу үшін турнирдің жартылай финалдық матчында Грекиямен ойнайды.

«Маған ресейлік клубтар ара-тұра жұмыс ұсынып тұрады. Бірақ мен [Қазақстан құрамасымен] циклды аяқтауым керек, содан соң шешім қабылдаймын. Мен сөзімнен қайтпаймын: ойындарға атсалысамын.

Әрине, жақын арада Ресейге оралуым мүмкін екенін айтқым келеді. Бірақ бұл менің арманым деп айта алмаймын. Мен қай кезде де нақты әрекет етемін. Қазір Қазақстан құрамасында барлығына толық көңілім толады. Бұл команда маған көп нәрсе берді, мен де оларға бірнәрсе бере алдым деп үміттенемін. Бар ойым алдағы ойындарда», - деді Адиев.