Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы келді

Автор: Аманалина Тоғжан

Бұл қызметке Шахмұрат Мүтәліп сайланды

Фото: kfb.kz

Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды. Бұл туралы Azattyq Ruhy федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан бокс федерациясының жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды.

«Маған жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан боксын әрі қарай дамытуға, спортшыларымызға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың мүддесін қорғауға, ҚБФ ролін ел ішінде және халықаралық деңгейде арттыруға бар күшімді саламын.

Биыл өтетін маңызды додалар қарсаңында команданың алдында үлкен бір мақсат тұр. Өз тарапымыздан дайындыққа қажетті барлық жағдайды жасауды жалғастыра береміз. Бірлесе еңбек ету арқылы отандық бокстың әлемдік аренадағы беделін нығайта түсеміз», - деді ҚБФ жаңа басшысы Шахмұрат Мүтәліп Қазақстан бокс федерациясының жиналысында.

Шахмұрат Мүтәліп 1990 жылы 18 қыркүйекте Алматы облысы Казцик ауылында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының магистрі, Куала-Лумпурдағы (Малайзия) Азия-Тынық мұхиты университетінде (APU) білім алған. Кәсіпкер, «Integra Construction KZ» ЖШС иегері. Үйленген, 3 баласы бар.