05.02.2024, 08:43
Спорт
Тарихи жеңіс: Қазақстан командасы синхронды жүзуден әлем чемпионы атанды
Су спорты түрлерінен бұған дейін әлем чемпионатының алтын медалі болмаған
Катар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан тарихи алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
«Синхронды жүзуден аралас жұптық сында өнер көрсеткен Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем чемпионы атанды. Олар 228.0050 ұпай жинады», - делінген хабарламада.
Күміс медальді Қытай құрамасы, қоланы Мексика командасы жеңіп алған.
Айта кетелік, Қазақстан тарихында су спорты түрлерінен әлем чемпионатының алтын медалі болмаған.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды