Иштван Бочкайды еске алуға арналған халықаралық турнир өтті
Иштван Бочкайды еске алуға арналған дәстүрлі турнирде бокстан Қазақстан құрамасы 5 алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
68-рет өткен халықаралық турнирде Қазақстан, Украина, Болгария, Хорватия, Солтүстік Македония, Моңғолия, Польша, Румыния, Сербия, Швейцария, Венгрия елдерінен 125 боксшы бақ сынады.
Венгрияның Дебрецен қаласындағы жарыста мына спортшыларымыз өз салмақ дәрежесі бойынша чемпион атанды:
Сондай-ақ Даниал Сәбит (51 кг), Кенже Мұратұлы (54 кг), Сабыржан Аққалықов (71 кг), Темірлан Мұқатаев (86 кг) күміс медаль иеленді.