07.01.2024, 12:56
Спорт
Елена Рыбакина Брисбендегі турнирдің жеңімпазы атанды
Ол финалда өзіннің қарсыласы беларусьтік Арина Соболенконы жеңді
Фото: j48tennis.net
Елена Рыбакина Брисбендегі (Австралия) WTA 500 сериясы турнирінің финалында Арина Соболенконы жеңді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 4-ші орын) және беларусьтік Арина Соболенко (2-ші орын) бүгін бас жүлде үшін сынға түсті.
Бірінші партияда-ақ Елена қарсыласын шаң қаптырып кетті - 6:0.
Екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді - 6:3.
Бір сағат 10 минутқа созылған матчта Е.Рыбакина 7 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.
А.Соболенко 3 эйс, 1 брейкпен шектелді.
Осылайша, Елена Рыбакина өзінің негізгі қарсыласын жеңіп, 2024 жылдың алғашқы кубогын жеңіп алды.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды