Елена Рыбакина тарихи жеңіске қол жеткізді

Автор: Аманалина Тоғжан

Ол WTA қорытынды турнирінде грекиялық Мария Саккариді ұтты

Фото: ktf.kz

Елена Рыбакина Канкунда өткен WTA финалдық турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы 1 қараша күні таңертең WTA қорытынды турнирінде грекиялық Мария Саккариді ұтты.

Кездесу 6:0, 6:7 (4), 7:6 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды. 

Елена Рыбакина мен Арина Сабаленко соңғы турда Bacalar тобынан екінші жолдаманы сарапқа салады. Бұл матч 3 қарашаға қараған түні өтеді.