Каратэден әлем чемпионаты: Мөлдір Жаңбырбай алтын медаль жеңіп алды

Автор: Аманалина Тоғжан

Қазақстан каратэшілері тарихта алғаш рет ел қоржынына алтын медаль салды

Фото: Olympic.kz

Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан каратэден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан каратэшілері тарихта алғаш рет ел қоржынына алтын медаль салды. «Алтынды» 50 келіге дейін салмақта Мөлдір Жаңбырбай иеленді.

60 келіге дейінгі салмақта Қайсар Алпысбай екінші болса, Дидар Әмірәлі (67 кг дейін) әлем чемпионатының қола жүлдесін еншіледі.