Тайсон Фьюри мен Фрэнсис Нганну арасындағы жекпе-жек британдықтың жеңісімен аяқталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жанкүйерлердің пікірінше, бұл Фьюридің мансабындағы ең нашар жекпе-жектердің бірі болды

Фото: championat.com

29 қазанға қараған түні Эр-Риядта үлкен бокс кеші өтті, оның басты оқиғасы ауыр салмақтағы жекпе-жек болды. Спорттық мансабында бірде бір рет жеңіліп көрмеген британдық, қазіргі WBC әлем чемпионы Тайсон Фьюри UFC белбеуінің бұрынғы иегері Фрэнсис Нганнумен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көпшілік асыға күткен жекпе-жек 10 раундқа созылды. Нганнудың соққылары қарсыласы үшін қауіпті-ақ болған.  Тіпті, ол үшінші раундта Фьюриді сол жақтан жасалған қарсы шабуылмен нокдаунға жіберді. Спорт сарапшыларының бағалауынша, Фьюридің шабуылдарында өткірлік байқалмаған. Десек те, жекпе-жектің соңында төрешілер бөлек шешіммен жеңісті Тайсон Фьюриге берді (96:93, 95:94, 94:95).

Нәтиже жарияланғаннан кейін залдағылар шешімге наразылықтарын білдірді.

35 жастағы Фьюри бұрын-соңды жеңілмеген боксшы. Британдықтардың есебінде кәсіби рингте 35 жекпе-жегі болды. Онда ол 34 жеңіске жетті және бір жекпе-жек тең аяқталды. Нганну үшін бұл жекпе-жек бокстағы дебют болып табылады. Бұрын камерундық Нганну аралас жекпе-жекте өнер көрсеткен.

Жанкүйерлердің пікірінше, бұл Фьюридің мансабындағы ең нашар жекпе-жектердің бірі болды.