Еуро-2024: Қазақстан сырт алаңда Данияға есе жіберді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен H тобында төртінші орында тұр

Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Копенгагенде өткен Еуро-2024 іріктеу матчында Данияға есе жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан құрамасы Даниядан 1:3 есебімен ұтылды. Ойынның алғашқы таймында қарсыластар есепті 3:0-ге жеткізді. Қазақстан құрамасы ойынның екінші таймында бір гол соқты. Алайда бұл команданы жеңілістен сақтай алған жоқ. Бұл – Қазақстан құрамасының іріктеу кезеңіндегі төртінші жеңілісі.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен H тобында төртінші орында тұр. Көш бастап тұрған Дания мен Словениядан үш және төрт ұпайы кем.

Келесі ойынды ұлттық құрама футболшылары 17 қазан күні Хельсинки қаласында Финляндияға қарсы өткізеді.