Азия ойындары: екі спортшымыз қола жүлде иеленді

Автор: Azattyq Rýhy

Александр Куликов пен Екатерина Таранцева слаломда ескек есуден үшінші орын алды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Александр Куликов пен Екатерина Таранцева қола жүлде иегерлері атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, екі спортшы да слаломда ескек есуден үшінші орынды иеленді.

«Александр Куликовтің көрсеткіші – 97.04 секунд. Тұғырдағы алғашқы екі орынды Қытай мен Өзбекстаннан келген ескекшілер иеленді», - делінген хабарламада.

Ал Екатерина Таранцеваның көрсеткіші – 111.71 секунд. Алтын медаль Тайпей өкіліне бұйырды. Күміс жүлде қытайлық спортшының еншісіне бұйырды.