Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлім етті
Стенд атудан ҚР құрамасының мүшелері Қытайдағы ойындарда тағы жүлдегер атанды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Стенд атудан трап бағдарламасы бойынша командалық сайыста Қазақстанның әйелдер құрамасы (Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова, Анастасия Прилепина) 3-орын алды.
Жарыс нәтижесі төмендегідей:
1-орын: Үндістан — 337 ұпай
2-орын: Қытай — 336 ұпай
3-орын: Қазақстан — 316 ұпай.