Азия ойындары: Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола жүлде ұтып алды

Автор: Azattyq Rýhy

Спортшыларымыз әлемнің үздіктерінің бірі саналатын Оңтүстік Кореядан ұтылып қалды

Фото: Сали Сабиров

Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы тағы бір қола жүлде иегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, спортшыларымызға семсерлесуден қола жүлде бұйырды.

«Семсерлесуден ерлер құрамасы (Артем Саркисян, Мұхамедәлі Рахманәли, Назарбай Саттархан, Жанат Нәбиев) командалық бәсекеде өнер көрсетіп, қола жүлде иегері атанды», - делінген хабарламада.

Қазақстандық жартылай финалда әлемнің үздіктерінің бірі саналатын Оңтүстік Кореяға 41:45 есебімен жол берді.

Әзірге Қазақстан құрамасы семсерлесуден 2 қола жүлде жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының қоржынында қазіргі сәтте барлығы 14 жүлде: 1 алтын, 2 күміс және 11 қола медаль бар.