Азия ойындары: қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін Қазақстан спорттың 19 түрінен өнер көрсетеді

Фото: prosports.kz

Ханчжоудағы Азия ойындарының екінші күнінде Қазақстан спорттың 17 түрінен өнер көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Prosports.kz жазуынша, отандық дзюдошылар Қазақстан қоржынына алғашқы медальдарды салды.

Ескек есуден екі финал қазақстандықтар үшін сәтсіз аяқталды.

Бессайысшылар да бізді медальмен қуанта алмады, жалғыз плюс – Елена Потапенконың Олимпиада лицензиясына ие болды.

Үстел теннисінен екі командамыз жүлделі орындарға таласудан күдер үзді.

Финалда жүзушілер Қазақстан рекордтарын жаңартты, бірақ медальға да, лицензияға да қол жеткізе алмады.

Ал бүгін, яғни Азия ойындарының үшінші күнінде Қазақстан спорттың 19 түрінен өнер көрсетеді.

Жағажай волейболынан ширек финалда қазақстандық дербиді көреміз.

Дзюдо мен таэквондодан жүлде күтеміз.

Ескек есуден екі финал өтеді.

Боксшылар жекпе-жектерін өткізеді

Сонымен қатар желкенді спорт, крикет, футбол, сепактакрау, скейтбординг, ат спорты және үстел ойындарында кездесулер өтеді.